Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылы өңірде жаңадан құрылған елді мекендердің бірі. Шет елдерден келген қандастар бұл жерде кәсіп ашып, еңбек етіп, тамырын тереңге жайған. Соңғы жылдары халық саны артқандықтан ауыл мектебі тарлық жасай бастаған.


Еңбекқор жандарға солтүстіктің қара суығы түк емес. Бұл жылыжай енді сәуір айына дейін жұмыс істеп, өңір тұрғындарын қыста қат көк жуамен қамтамасыз етпек. Жарқынай Қошбаева өсімдіктерді суарып, жылыжайдағы температураның қалыпты тұруын қадағалайды. Отбасылық бизнесте әрқайсысының өз міндеті бар. Биыл Қошбаевтар әулетінің атамекенге оралғанына — 15 жыл.

СНХ: Жарқынай Қошбаева, Бәйтерек ауылының тұрғыны


Бастапқыда ауыл балалары аудан орталығына автобуспен қатынап оқыды. 2016 жылы Бәйтеректе 350 орынға шақталған жаңа мектеп қолданысқа берілді. Қазір бұл ғимаратта 90 балаға арналған шағын орталық та жұмыс істеп тұр. Баян Жалғасқызы – бастауыш сынып мұғалімі. 2012 жылы отбасымен Өзбекстаннан «Нұрлы көш» бағдарламасы арқылы қоныс аударды.

СНХ: Баян Қалдыбекова, бастауыш сынып мұғалімі


Бәйтерек ауылында жас семьялар көп. 4-5 балалы отбасылар көп. Даже 6-7 бар. Бала бұл келешек қой, бала көп болсын, біз де қуанамыз, бізге жұмыс болады, бала дүниеге келе берсін деп. Сыныптар жетпейді, бала көп.

Елді мекен Бәйтерек атына сай өсіп-өркендеп келеді. Күре жолдың бойында орналасқан ауылдың табиғаты да көркем, ерке Есілдің жағасында орналасқан. Қазір ауылда полиция пункті, әкімдік, мешіт пен дәрігерлік амбулатория жұмыс істеп тұр. Бірнеше дүкен, дәмхана бар. Халық саны 

СНХ: Нұрсұлтан Хуатов, Қызылжар ауылдық округінің әкімі


Қазір елді мекенде облыстық қазына есебіне екі пәтерлі жеті үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа баспаналардың алды көпбалалы отбасыларға беріле бастаған.