Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Үлгілі жүргізуші» акциясын өткізді. Өңірдің үздік жүргізушілері қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін түрлі мараптаттар мен сыйлықтарға ие болды. 

Полицейлер жол қауіпсіздігі – бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін көрсетті. «Үлгілі жүргізуші» акциясы жолдағы Заң мен Тәртіпті нығайтуға, қауіпсіз жүргізуді насихаттауға үлес қосып жүрген азаматтарды біріктірді.

СНХР: Айдын Қабдұлдинов — СҚО полиция департаментінің бастығы


Айдын Қабдұлдинов жол қозғалысына жауапты ұйымдардың, жастар ресурстық орталығының, журналистер мен блогерлердің, дәрігерлер мен педагогтердің және апаттық жағдайларды азайтуға күш біріктіріп жүрген өзге де азаматтардың рөлін атап өтті.


Барлық қатысушыларға грамоталар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды. Әкімшілік жазбалары жоқ, жол қауіпсіздігін арттыруға белсенді үлес қосып жүрген жүргізушілер — Султан Асқаров, Серік Сексенов, Александр Снурницын, Раиль Қабиев марапатталды. Олар жолдағы мұз қату, қар құрсауы, жолға малдың шығуы сияқты қауіп-қатерлер туралы дер кезінде жүргізушілер чаттарына және полицияға хабарлап отырады. Сонымен қатар, марапатталғандардың қатарында патрульдік полицияның тәжірибелі және қызметтегі қызметкерлері де бар. Олар жол қозғалысын бақылап қана қоймай, кейде өміріне қауіп төндіретін жағдайларда да көмекке келеді. Іс-шара барысында су тасқыны мен боран кезінде патрульдік полицейлердің жұмысы, төтенше жағдайларда адам құтқару туралы бейнеролик көрсетілді. Осы тақырыпқа арналған фотокөрме «Qyzyljar» креативті орталығының холлында ұйымдастырылды.

СНХР: Серік Әлжанов — СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы


Іс-шара полиция департаментінің мәдениет орталығы вокалдық тобының концертiмен жалғасын тапты. Акция күні полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзбаған жүргізушілерді тоқтатып, оларға алғыс ретінде сыйлықтар табыстады