Бүгін Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылында аудан әкімі мен жауапты бөлім өкілдерінің жеке қабылдауы өтті. Тұрғындар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және күнделікті тұрмысқа қатысты мәселелерін көтеріп, мемлекеттік орган өкілдерінен нақты түсіндірме алды.
Қабылдауға жалпы 39 адам қатысты. Оның 19-ы — Бескөл ауылының тұрғындары. Көтерілген мәселелердің қатарында: қоғамдық көлік, тұрғын үй, жөндеу жұмыстары, жол, қоқыс шығару, әлеуметтік көмек және инфрақұрылым бар. Әр өтініш аудан әкімімен және тиісті мамандармен жеке қаралды.
СНХР: БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Таңертеңнен бері ауыл тұрғындары күнделікті түйткілдерін айту үшін кезекпен келіп жатты. Олардың қатарында Подгорное ауылының тұрғыны Светлана Захарова да бар. Ол ауылға кіреберіс жолдың нашарлығы, жарықтандырудың жетіспеуі және қоғамдық көлік қозғалысына қатысты мәселелерді көтерді. Ұзақ уақыттан бері шешімін таппай келген сұрақтар бойынша ол облыс әкімінен түсініктеме алды.
СНХР: СВЕТЛАНА ЗАХАРОВА ПОДГОРНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жеке қабылдауда айтылған әрбір мәселе бақылауға алынып, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді. Тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.