Бүгін облыс орталығында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтті. Өңір басшысының қатысуымен өткен салтанатты жиында арнайы көрме ұйымдастырылып, өңірдің үздік кәсіпорындары өз өнімдерін таныстырды. Шара барысында саланың дамуына үлес қосқан қызметкерлер түрлі марапаттарға ие болды.
Көрмеде салада көп жыл еңбек еткен мамандардың суреттері, тарихи фотоматериалдар, әртүрлі өнімдер мен жаңа технологиялар көрсетілді. Облыс әкімі көрмемен танысып, ұсынылған жетістіктер мен жаңашылдықтарды көріп шықты. Өңір биылғы жылды жаңа рекордтармен қорытындылап отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі бір триллион теңгеге жетті. Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсіп, облыс республика бойынша бірінші орынға шықты.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
2025 жыл елімізді асырап отырған ауыл еңбеккерлеріне мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетілген кезең болды. Егіс және орақ жұмыстарына 161 млрд теңге бағытталып, оған қосымша 75 млрд теңге көлемінде субсидия қарастырылды. Осы қолдаудың нәтижесінде аграрийлер маусымды табысты аяқтап, өңірдің дамуына елеулі үлес қосты. Бұл еңбектері еленбей қалған жоқ. Салтанатты шарада үздік еңбеккерлер арнайы марапаттарға ие болды.
СНХ. ЕРЛАН ЗІКІРИН, «ПОЛТАВСКОЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ
Мереке ауыл шаруашылығындағы түрлі бағыт бойынша еңбек ететін қызметкерлердің басын біріктірді. Марапат алғандардың қатарында агроөнеркәсіптік кешенде 25 жылдан астам тәжірибесі бар Лариса Захарова бар.
СНХ: ЛАРИСА ЗАХАРОВА, «ЖНВ-АГРО» ЖШС ҚЫРМАН МЕҢГЕРУШІСІ, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ
Жиын соңында сала қызметкерлеріне арналған концерттік бағдарлама тарту етілді.