2026 жылдың 1 қаңтарынан елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді.
Басты мақсат – кәсіпкерлерге жағдай жасау, салық жинауды арттыру және көлеңкелі бизнесті азайту. Арнайы салық режимдері оңтайландырылып, жеті режимнің орнына үш түрі қалады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жеңілдетілген режим, оңайлатылған декларация, және шаруа, фермер қожалықтарына арналған режим. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған жеңілдіктер сақталады. Қосылған құн салығы мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға өседі, ал өтелетін сома үлесі 70%-дан 80%-ға дейін ұлғаяды.
СНХР: СҰҢҒАТ ҚОСПАЕВ , СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ