Республикалық денсаулық сақтау саласындағы байқауда Солтүстік Қазақстан облысы жеңімпаз атанды. Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы «2025 жылдың беделді балалар ауруханасы» номинациясында үздік деп танылды. Бұл медициналық мекеме 40 жылдан астам уақыт бойы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, көптеген бөлімдері бар, өңірдің жетекші ауруханалардың бірі болып табылады.
Ауруханадағы таңертеңгі жоспарлы жиналыс қуанышты жаңалықтан басталды. Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері ұжымды республикалық байқаудағы жеңіспен құттықтады. «2025 жылдың беделді балалар ауруханасы» атағын алу - бүкіл ұжымның ортақ еңбегінің нәтижесі.
СНХ: АЙДАР МҰСТАФИН, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Мұнда жыл сайын 16 мыңнан астам бала ем қабылдайды, 60 мыңға жуық кеңес беріледі. Күн сайын көптеген кішкентай науқастар оңалтудан өтіп, сауығып, қалыпты өмірге оралады. Ауруханада госпитальдық фармация бөлімі бар. Мұнда әр науқасқа жеке дозада дәрі-дәрмек дайындалады.
СНХ: ДАНИЯР БЕЙСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ САПА ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Қоса кетейік, облыстық аурухана республикалық байқауға биыл алғаш рет қатысып басты жүлдені жеңіп алды.