Есіл ауданына қарасты Петровка елді мекенінде соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын алып келеді. Ауылда жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, Президенттің елді мекендерде медициналық қызметті жаңғырту бағдарламасы аясында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, балаларға арналған заманауи ойын алаңының құрылысы да қарқынды жүргізіліп жатыр.

Биыл ауылда жаңа мәдениет ордасының құрылысы қолға алынды. 600 миллион теңге қаржы бөлінген нысан 100 орынға лайықталып салынып жатыр. Ғимарат ішінде кітапхана мен би алаңы қарастырылған. Сондай-ақ, былтыр мұз айдыны салынып, биыл пайдалануға берілді. Биыл аудандық бюджеттен 25 млн теңге бөлініп, балаларға арналған ойын алаңының құрылысы да жүргізіліп жатыр. Жол мәселесі де назардан тыс қалмаған: ауыл ішіндегі 7 шақырым жол асфальтталды.

СНХР: ОРАЛБЕК ҚОҢҚАБАЕВ, ПЕТРОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНІҢ ӘКІМІ


Президент бастамасымен іске асқан медицина саласындағы жаңғырту бағдарламасы аясында ауылда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. Бұл-жергілікті тұрғындардың сапалы медициналық қызмет алуына мүмкіндік берді.

СНХР: АЯУЛЫМ ЖАНАЛИНА, ПЕТРОВКА АУЫЛЫ ФАП АКУШЕРІ


Жол мәселесі де назардан тыс қалмаған. Биыл ауыл ішіндегі 7 шақырым жолға асфальт төселіп, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалды. Сонымен қатар, елді мекенді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде округ тұрғындарының 10 пайызы орталықтандырылған таза ауызсуға қол жеткізген. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.