Республика күні қарсаңында «Надежда» қарттар үйінде ерекше жылулық пен қуанышқа толы іс-шара ұйымдастырылды. Кездесу барысында жеке кәсіпкердің демеушілігімен қарттарға қамқорлық көрсетіліп, олар азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Жеке кәсіпкер дәмді нан мен тәттілерді ұсынса, Петропавл қаласының Жастар Ресурстық Орталығы қарттар үйіне үнемі көмек көрсетіп, концерттер ұйымдастырады. Іс-шара қатысушыларға мейірім мен жақсылық көрсетудің, оларды назардан тыс қалдырмаудың маңыздылығын еске салды.
СНХР: АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫСЫ
“Надежда” қарттар үйінде қазіргі уақытта 50 қария тұрып жатыр. Мұндағы тұрғындар ұйымшыл, бір-біріне қамқор. Олар өздеріне көңіл бөліп, мереке ұйымдастырған жеке кәсіпкер мен жастарға алғыстарын білдірді.
СНХР: ВАЛЕНТИНА ДРИСОВА,
Қарттар үйінің тұрғындары мұндай ілтипат пен жан жылуын ерекше бағалайды. Олар қоғамнан алыстамай, әрдайым назарда болғандарын қалайды.