Айыртау ауданының Кутузовка ауылында құрғақ саумал өндіретін жаңа ферма өз жұмысын бастады. Құны 3,2 миллиард теңге болатын инвестициялық жоба өткен жылдың күзінде басталған еді. Нысанды қостанайлық компания жүзеге асырған. Кәсіпорында өндіріс толық жолға қойылып, алғашқы өнімдер алынуда. Кеше бұл серіктестікті облыс әкімінің бірінші орынбасары арнайы барып аралап, жұмыс барысымен танысты.
Жоба жоспарланған мерзімінен екі ай бұрын сәтті түрде жүзеге асырылды. Шаруашылықта шамамен 400 сауын бие бар. Ферма өндірістік қуаты бойынша жылына қырық тоннаға жуық құрғақ өнім өндіре алады. Өндіріс орны еліміздегі медициналық мекемелерді табиғи таза саумалмен қамтитын болады.
Фермада орнатылған жабдықтар толықтай еуропалық үлгідегі, заманауи әрі автоматтандырылған жүйеге негізделген. Мұнда өндіріс процесі нақты ретпен ұйымдастырылған. Бір үйірде 35-40 бие бар. Олар алдымен аздап азықтандырылып, кейін сауу залына өткізіледі. Бір топ биеге арналған сауу процесі шамамен 20-25 минутқа созылады, ал үйір биенің барлығын сауу уақыты орта есеппен бір - бір жарым сағатты алады. Кейін жаңа сауылған бие сүті салқындатылып, жұмсақ пастерлеу процесінен өтеді. Содан соң сублиматорға жүктеліп, 24 сағаттан кейін құрғақ өнім алынады. Жалпы, компания неміс фермері Ганс Цольман әзірлеген бие сүтін мұздатып кептірудің бірегей технологиясын пайдаланады.
аударма 332 1:10
СНХ:ГАНС ЦОЛЬМАН, НЕМІС ФЕРМЕРІ
Жобаның алғашқы кезеңінде-ақ бүгінгі күні 15 жаңа жұмыс орны ашылды. Фермада өндіріс процесін тиімді жүргізу үшін қызметкерлер арнайы оқыту курсынан өткен.
аударма 331 1:24
СНХ:МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Сүтті ұнтақтау жобасының тапсырыс беруші кәсіпорны алдағы уақытта ауданда заманауи мал бордақылау алаңын құруды көздеп отыр. Бұл - өңірде жүзеге асырылуы жоспарланған келесі ірі инвестициялық жоба болмақ.