Жапонияның астанасы Токиода 15-26 қараша аралығында есту қабілеті нашар спортшылар арасында XXV жазғы сурдлимпиада ойындары өтеді. Аталмыш мультиспорттық іс-шарада өңір намысын 5 спортшы қорғамақ.
Қазіргі таңда солтүстікқазақстандық спортшылар әлемдік додаға қызу дайындалып жатыр. Олар аптасына 4 рет тұрақты түрде шынығады. Спортшылардың физикалық дайындығымен қатар, техникалық және тактикалық шеберліктерін шыңдауға да баса назар аударылуда.
СНХ: РУСТАМ ШОКЕЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Сурдлимпиада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ең ауқымды халықаралық спорттық шаралардың бірі. Сондықтан оған қатысу кез келген спортшы үшін үлкен жетістік әрі зор жауапкершілік. Солтүстікқазақстандықтар осы мүмкіндікті барынша тиімді пайдаланып, ел мерейін үстем етуді мақсат тұтып отыр. Олардың кейбірі қазірдің өзінде жоғары нәтижелерге жетіп үлгерген.
СНХ: КИРИЛЛ ЖИТНИКОВ, СПОРТШЫ
СНХ: РОМАН ИМАНКУЛОВ, СПОРТШЫ
Айта кетейік, XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындарына әлемнің 80 елінен 21 спорт түрінен шамамен 3000 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Қазақстандықтар 8 спорт түрі бойынша бақтарын сынайды.