Қызылжар дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Менің шағын отаным» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Бұл байқауға облыстан 160 оқушы қатысуға ниет білдіріп, олардың арасынан 47-і іріктеліп, облыстық кезеңге жолдама алды. Тақырыпты тілші тарқатады.
ЗКТ: Байқау барысында қатысушылар онлайн тест тапсырып, кейін өздерінің зерттеу жобаларын қорғады. Аталған байқаудың нәтижесінде төрт жеңімпаз анықталып, олар республикалық кезеңге қатысу үшін Астанаға жолдама алады.
СНХР: БАҚЫТ ҒАБДУЛЛИНА, «ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Әлішер Төлеу «Менің болашақ өлкем» номинациясы бойынша Сергеев су қоймасының макетін ұсынды. Су тасқыны мәселесін ескере отырып, су көлемін сақтау және су энергиясын өндірудің маңыздылығын атап өтті.
СНХР: ӘЛІШЕР ТӨЛЕУ, ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Байқау қатысушыларының барлығы өздерінің зерттеу жобалары арқылы туған өлкелеріне деген сүйіспеншіліктерін және сол өлкедегі экологиялық, экономикалық мәселелерді шешуге ұмтылысын көрсетті. Бұл жобалар – жастардың ғылыми ой-өрістерінің дамуына және елдің болашағына үлес қосуына бағытталған үлкен қадам болып табылады