С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушылар бұл күннің тарихи маңызын және оның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасудағы рөлін талқылады.
Студенттер мен оқытушылар ел дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалар жайлы баяндама жасап, жастардың азаматтық жауапкершілігі туралы ойларымен бөлісті. Мерекеге әлеуметтік желі қолданушылары да қосылды, 20 қазаннан бастап ғаламторда Республика күніне орай құттықтау челлендждері, патриоттық өлеңдер мен бейнероликтер жариялануда.
СНХР: ЕЛЕНА СКАКУНОВА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОҒӘК ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
СНХР: ӘЙГЕРІМ БАЙМОЛДА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТУДЕНТІ