Петропавл қаласында республикалық «Үздік шебер – 2025» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл іс-шара жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруды мақсат етеді. Биылғы байқау – жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілді.
2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланған. Бұл туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Бұл – еңбек беделін арттыруға, кәсіби-техникалық білім беру жүйесін дамытуға, сондай-ақ ел дамуына үлес қосатын адамдарға деген жаңа көзқарас қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Петропавлда дәстүрлі «Үздік шебер – 2025» байқауы аясында 25 маман, солардың қатарында: дәнекерлеушілер, метал жонушылар, слесарлар мен электр мамандары өз шеберліктерін паш етті. Қатысушылар жоғары кәсіби дайындық пен өндірістік тапсырмаларды тиімді орындау қабілеттерін көрсетті.
СНХР: ДИАНА ПОПОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Азамат Ғубайдуллин – екі жылдық тәжірибесі бар токарь. Ол осымен байқауға екінші рет қатысып отыр. Өткен жылы байқауда екінші орынды иеленген болатын. Биылғы сайысқа тың дайындықпен келіп, жеңіске жетуді көздеп отыр.
СНХР: АЗАМАТ ҒУБАЙДУЛЛИН, ҚАТЫСУШЫ
Қатысушылардың жұмысын кәсіби қазылар алқасы бағалады. Бағалау кезінде жұмыстың орындалу жылдамдығы мен сапасы ескеріліп, жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.