Өзінің 20 жылдық мерейтойына орай Home Credit Bank «Жасыл желек» экологиялық бастамасын жалғастыруда. Бұл акцияның мақсаты – Қазақстан қалаларын көгалдандыру және өмір сүруге қолайлы, экологиялық таза орта қалыптастыру. Петропавлдың орталық саябағында жаңа жасыл пайда болды. Іс-шараға біздің түсірілім тобы да қатысты.

Қалалық саябақта банк қызметкерлері мен серіктестері, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығы өкілдері бірігіп 100 түп тал отырғызды. Талдар солтүстік өңірдің климатына жақсы бейімделген. Бұл жас көшеттер саябақтың жаңартылған жасыл аймағының бір бөлігіне айналып, қала тұрғындарын қуанышқа бөлеп, ауаның тазаруына септігін тигізеді.

СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ЕСЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. «HOME CREDIT BANK» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


«Жасыл желек» жобасы банктің экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық қағидаттарды біріктіретін корпоративтік стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Бұған дейін мұндай ағаш отырғызу акциялары Алматы, Шымкент, Астана, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе және Павлодар қалаларында өткен.

СНХ: ӘСЕЛ АРЫСТАНБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. «HOME CREDIT BANK» ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


«Жасыл желек» акциясы аясында еліміздің 12 қаласында барлығы 1200 түп ағаш отырғызу жоспарланған.