Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында әрбір мемлекеттік шешімнің басты мақсаты – халықтың өмір сапасын жақсарту, экономиканы тұрақтандыру және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Жаңа стратегиялық бағыт – бұл тек атқарылатын істер тізімі емес, мұндағы негізгі ой – әлем қарқынды өзгеріп келеді, сондықтан еліміз бұл үдеріске бейімделіп қана қоймай, жаңа цифрлық дәуірге батыл қадам жасауы қажет. Солтүстікқазақстандықтар Мемлекет басшысының бұл бастамасын қолдайды.