Қорған облысынын келген делегация Петропавлдағы «Радуга» серіктестігінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын қағаз, тұрмыстық заттар мен көкөніс өсіретін орындарды аралап көрді. Кейін жаңа үстел теннис орталығы мен креатив орталығына да барды. Екі елдің іскерлері әріптестікті нығайту бастамаларын ортаға салды.
Петропавл қаласына Ресей Федерациясының Қорған облысынан келген делегация Солтүстік Қазақстан өңірі үшін маңызды нысандарды аралады. Сапар барысындағы негізгі аялдамалардың бірі - заманауи «Зеленый Север» жылыжай кешені. Қонақтарға өңірдегі баламасы жоқ бұл жылыжайдың жұмысы таныстырылды. Кешен жыл бойы солтүстікқазақстандықтарды жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етіп қана қоймай, өз өнімін облыстан тыс аймақтарға да жеткізеді.
Сапар аясында делегация «Радуга» компаниясының жұмысымен де танысты. Қонақтарға мұнда өндіріс процесі - шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі барлық кезең егжей-тегжейлі көрсетілді. Кәсіпорын өкілдері алдағы жылдары жүзеге асырылуы жоспарланған жаңа жобалар туралы айтып берді. Қорған облысының губернаторы өндірістің ауқымы мен бірегейлігіне жоғары баға берді.
СНХ:Вадим Шумков, Ресей Федерациясының Қорған облысының губернаторы
Сондай-ақ, меймандар Үстел теннисі орталығына барды. Қазір мұнда ондаған жас спортшы жаттығады. Орталықтың спорттық алаңдары халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге толық сай келеді.
СНХ:Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі
Спорт нысанынан кейін делегация «Qyzylzhar» креативті орталығына ат басын бұрды. Қонақтарға жас дизайнерлер, суретшілер мен музыканттар еңбектенетін шығармашылық кеңістіктер, шеберханалар мен студиялар көрсетілді. Орталықтың жетекшісі креативті экономиканы дамыту бағыттары және өңірде жүзеге асырылып жатқан жаңа мәдени бастамалар туралы баяндады.
СНХ: Нұргүл Болатова, Қызылжар креатив орталығы креативті индустрияларды дамыту бөлімінің басшысы