М.Жұмабаев ауданында 39 мектеп пен 6 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді. Бүгінде 3 мыңнан астам бала сапалы білім алып жатыр. Ал Булаево қаласында 180 студентті қамтитын «Кәсіби даярлау және сервис колледжі» жұмыс істейді. Мұнда болашақ мамандар түрлі салалар бойынша білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға бағытталған.


Жұмысшы мамандығының беделін көтеру бағытындағы жұмыстар Булаеводағы кәсіби даярлау және сервис колледжінде жүйелі жүргізіліп келеді. Мұнда 180 студент 3 мамандық бойынша білім алады. Олар – қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру, дәнекерлеу ісі және ауыл шаруашылығын механикаландыру. Колледждің 40-қа жуық әлеуметтік серіктесі бар. Колледж түлегі Вадим Витковских 2024 жылғы WorldSkills Kazakhstan кәсіби шеберлік чемпионатында республика бойынша І орынға ие болды.

СНХ:ВАДИМ ВИТКОВСКИХ – КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАС МАМАНЫ


Қазір ол колледжде жас маман болып еңбек етіп, әлемдік чемпионатқа дайындалып жүр. Соынмен қатар, өз кәсіби бағытын тауып үлгерген студенттердің бірі — Юлия Родионова. Ол аспаздық мамандықты жүрек қалауымен таңдаған және бос уақытында түрлі тағамдар дайындағанды ұнатады.


Колледжде студенттерге арналған жатақхана бар, ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі және шәкіртақы төленеді. Білім ордасында білікті мамандар мен заманауи зертханалар да жұмыс істейді.