Облыс орталығына Жезқазған – Петропавл бағытындағы автожолдың 954-шақырымында орналасқан «Оңтүстік» бақылау-өткізу бекетінде «Жолдағы қабылдау» акциясының алғашқы күні өтті. Аталған іс-шара екі күнге шақталған. Науқан аясында азаматтарға қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындар облыстық полиция департаментінің қызметіне қатысты түрлі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алмақ.
Акцияның мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру. Осы орайда полиция Департаменті қызметкері Азамат Жамұқов, күніне 500ден астам жүргізушіден сұрақтар келіп түсетінін айтып, соңғы статистикалық деректерге тоқталды.
СНХ:АЗАМАТ ЖАМҰҚОВ – ПД ЖПҚБ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ТОБЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Азаматтардың бір бөлігі сауалдарына тікелей бекеттен жауап алды. Олар мұндай науқандардың ұйымдастырылуы ыңғайлы екенін атап өтті.
СНХ:БІРЖАН АСПАНДИЯРҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Айта кетейік, алдағы уақытта аталмыш іс-шараларды жиі өткізу жоспарланған.