Облыс орталығына жұмыс сапарымен келген Маңғыстау облысының делегациясы Ұлттық ұлан академиясына барып, оқу орнының қызметімен танысты. Қонақтар білім беру бағдарламасын тыңдап, оқу корпустары мен казарманы аралады, сондай-ақ курсанттармен кездесті.
Маңғыстау облысынан келген делегацияның Ұлттық ұлан академиясына жасаған сапары іс-шараның маңызды бөлігіне айналды. Делегация өкілдері мұнда білім алып жатқан онға жуық маңғыстаулық курсантпен кездесіп, олардың оқу және жауынгерлік даярлық барысын көрді.
СНХ:НҰРБОЛ КЕЛМАҒАМБЕТОВ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Ұлттық ұлан академиясында ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандар даярланады. Мұнда курсанттар қатаң тәртіп пен жоғары жауапкершілікті сақтай отырып, теориялық және физикалық дайындықтан өтеді. Солардың бірі — Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласынан келген үшінші курс курсанты Аман Есшанов.
СНХ:АМАН ЕСШАНОВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ
Сапар соңында екі өңір арасында білікті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге қол жеткізілді.