Петропавл қаласында Жұмабаев көшесі, 282 мекенжайында орналасқан жаңа көпқабатты тұрғын үйдегі 126 пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында үлестіріледі.
Қазіргі уақытта тұрғын үй кезегін түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты пәтер алушылар өз деректерін orken.otbasybank.kz сайтында жаңарту керек. Ал өтініштер Baspana Market онлайн платформасы арқылы қабылданады. Оған мынадай талаптар бар. Тұрғын үй кезегінде болу және соңғы алты айдағы отбасылық табысты растау. Пәтерді алу үшін Әлеуметтік осал топтар пәтерді алу басымдылығына ие. Айта кетейік, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап «Отбасы банк» Ұлттық даму институты мәртебесін алды. Енді банк тек тұрғын үй кезегін жүргізіп қана қоймай, пәтерлерді әділ және ашық бөлу процесін де жүзеге асырады. Жыл соңына дейін Петропавлда тағы үш көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
СНХ:ДАРИНА БАШЕНОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ 1-САНАТТЫ МАМАНЫ