Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Халқы ассамблеясы әр апта сайын білім мекемелерін аралап, кездесудер өткізеді. Соның бірі бүгін Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты – ҚХА мүшелерінің, этномәдени бірлестік көшбасшыларының қоғамдағы, оның ішінде жастар ортасындағы рөлін арттыру.

Бүгінгі жиынға 40-тан астам студент қатысты. Кездесуде ҚХА тарихы мен маңыздылығы ғана емес, сонымен қатар мәдениетаралық өзара іс-қимылдың, жастар бастамаларының және әлеуметтік маңызды жобалардың өзекті мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, ұл-қыздардың сұрақтарына жауап беріліп, олар ұйымның қатарына қосылуға шақырылды.


СНХ:ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ СҚОФ БОЙЫНША ӨКІЛДІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


Колледжде ҚХА-ға мүше болып, еріктілік қызметімен айналысып жүрген белсенді студенттер де бар. Олар түрлі қоғамдық іс-шараларға қатысып, жастар арасында бірлік пен өзара түсіністік құндылықтарын насихатауға үлес қосып келеді.


СНХ:ӘЛИ АМАНБАЕВ, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Қоса кетейік, биыл жергілікті университетте студенттік ассамблея, ал Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінде «Бейбітшілік пен келісім орталығы» ашылды. Бұл бастамалар жастар арасында өзара түсіністік құндылығын нығайтуға бағытталған.