Тимирязев ауданында 18 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 13 – орта, 4 – негізгі, 1 – бастауыш мектеп бар. Сонымен қатар мектеп-интернет пен өнер мектебі бар, ауданда 18 шағын-орталық қызмет етеді. Ал Сәбит Мұқанов атындағы мектеп-гимназияда «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы жүзеге асырылуда.

Сәбит Мұқанов атындағы мектеп-гимназияда 557 оқушы білім алуда. «Реновация» бағдарламасы аясында оқу орнында күрделі жөндеу жүргізілді. Мектеп республикалық «Тірек мектеп» жобасына да енді. Жақын арада мұнда 37 жаңа кабинет ашылмақ.

СНХ:МАРГАРИТА ИВАНОВА, СӘБИТ МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Оқу орнында соңғы үлгіде жаңартылған кабинеттер, жоғары білікті педагогтар құрамы және, оқушылардың жетістіктері бар. Милена Шевченко – үздік оқушы, ол «Алтын белгіге» үміткер.


Ауданда шамамен 1400 оқушы бар.