Ауыл шаруашылығының болашағы аграрлық ғылым мен цифрлық технологиясыз мүмкін емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған соңғы жолдауында осы бағытқа ерекше назар аударды. Қазір Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенінде заманауи технологиялар енгізіліп жатыр.
Мағжан Жұмабаев ауданындағы «СК-Агро 2050» ЖШС өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі. Мұнда дәнді-бұршақ және майлы дақылдар өсіріледі. Одан бөлек ірі қара мен жылқы шаруашылығы дамып жатыр. Сондай-ақ шаруашылықта мал азығын дайындау және астық өткізу жолға қойылған. Кәсіпорынның өз құрамажем зауыты бар, ол тәулігіне 100 мың тоннаға дейін астық қабылдай алады.
СНХ:ӘЛІБЕК ОМАРОВ, «СК-АГРО 2050» ЖШС ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Күзгі жиын-терім науқанынан кейін шаруашылық мал азығы ретінде маңызды саналатын жүгері жинауға кірісті.
Ауданда мал шаруашылығының қарқынды дамуы байқалады. Соның айғағы – өңірдегі ең ірі тауарлы-сүт фермасы құрылысының басталуы. Жоба «СК-Агро 2050» ЖШС базасында жүзеге асырылуда. Мұнда 3600 сауын сиырға арналған кешен салынып жатыр. Болашақта фермаға 10 мың бас ірі қара әкелу жоспарланған. Бұл өңір тарихындағы ең ірі көрсеткіштердің бірі.
СНХ:ВЛАДИМИР СЕРГЕЕВ, «СК-АГРО 2050» ЖШС ТАУАРЛЫ-СҮТ ФЕРМАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Фермада 100 орындық сауу жүйесін орнату көзделген. Кешен толық қуатында жұмыс істегенде жылына 39 мың тонна сүт өндіретін болады. Өнім жергілікті сүт өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі. Цифрландыру мен жаңа технологиялардың енгізілуі ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, өңір экономикасының дамуына серпін бермек.