Есіл ауданы Заградовка ауылының тұрғыны Эльвира Жахинаның қолынан шыққан заттар түрлі байқауларда жоғары бағаланып жүр. Ол қағазды екінші рет іске жаратып, түрлі бұйымдар жасайды. Шебердің өнері тілшілерімізді тәнті етті.


Эльвира Жахина мектепте кітапханашы болып жұмыс істейді. Кабинетінің іші кірсе – шыққысыз. Сондықтан да болар, сабақтан үзілісте балалар кітапханадан табылады. Бұл жерде қағаздан тоқылған ыдыс-аяқ та, түрлі өсімдік-құстар да, ертегі кейіпкерлері де бар.

СНХ:ЭЛЬВИРА ЖАХИНА, ЗАГРАДОВКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ


Шебер алдымен қағаздан түтікше орайды. Ол үшін А4 форматтағы қағазды қолданады. Кейін тоқуға осы түтікшелер пайдаланылады.

СНХ:ЭЛЬВИРА ЖАХИНА, ЗАГРАДОВКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ


Бұл өнер өткен ғасырда пайда болған. Шебердің айтуынша, осы тәсілмен түрлі затты, тіпті, дизайнерлік жиһазды да тоқып шығуға болады.

СНХ:ЭЛЬВИРА ЖАХИНА, ЗАГРАДОВКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ


Түрлі байқауларда жоғары баға алғанымен, Эльвира Жахина жасаған бұйымдарын сатпай, көбіне достарына, туған-туыстарына сыйлағанды жөн санайды.