Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда мектепті екінші үйіне балаған ұстаз еңбек етуде. Диана Рахимова 17 жыл орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, ұстаздар әулетінің жолын жалғастырып келеді.
Диана Аманғалиқызы ұстаздар отбасында тәрбиеленген. Анасы – қазақ тілі пәнінің мұғалімі, әкесі – дене шынықтыру пәнінің оқытушысы. Әулетінде Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы да болған. Ол арғы атасы Мырзағали Сүлейменов. Бүгінде ата-анасы зейнет демалысында, дегенмен мамандық таңдауда олардың үлгісі басты назарда болған.
СНХ:ДИАНА РАХИМОВА, С. ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Ұстаз соңғы жеті жыл көлемінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Бұл лауазымдағы басты міндеті – ұжымды бір мақсатқа жұмылдырып, жұмысты тиімді ұйымдастыру.
СНХ:НҰРГҮЛ АЛПЫСБАЕВА – С.ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Бүгінде Диана Рахимова үшін ұстаздың ең үлкен марапаты – оқушысының жетістігі мен ата-аналардың алғысы. Ал өзі жаңа кәсіби белестерге дайын және отбасы дәстүрін зор ықыласпен жалғастырып келеді.