Қызылжар ауданына қарасты Бугровое ауылында тұрғындар жүздеген үй құсынан айырылып жатыр. Алғашқы жағдайлар күздің басында тіркелген. Алдымен қаздар мен тауықтар қырыла бастаған. Ветеринарлар зертханалық талдау жүргізіп жатыр.
Бугровое ауылында құстардың қырылуы кенеттен басталған. Тұрғындардың айтуынша, бар болғаны бір тәуліктің ішінде аулаларда қаз бен тауықтар жаппай қырыла бастаған. Бүгінгі таңда 3 500-ден астам үй құсы шығынға ұшыраған. Зертханалық сараптамалар құс өлімінің себебі - пастереллёз инфекциясы екенін көрсетті. Ауыл шаруашылығы мамандары жағдайды бақылауға алу үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Қазіргі таңда ветеринарлық қызмет өкілдері 19 жеке аулада дезинфекциялық жұмыстар жүргізген.
СНХ:ЕРБОЛ БАГЕНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Зардап шеккендердің бірі – жас фермер Ақылбай Мағжан. Ол өз шаруашылығын дамыту үшін 10 миллион теңге несие алып, қаз сатып алған. Алайда пастереллёз індетінің таралуы салдарынан 2 000-нан астам құсы қырылып қалған.
СНХ:АҚЫЛБАЙ МАҒЖАН, БУГРОВОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ