Бүгін Ұстаздар күніне орай білім саласының қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Жиын барысында өңіріміздің білім беру ісіне сүбелі үлес қосып жүрген 50-ден астам ұстаз облыс әкімінің қолынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар алып, лайықты марапатқа ие болды.

Жиынның басында облыс әкімі өңірдің білім беру мекемелерінің жетістіктері мен жаңалықтары ұсынылған көрмемен танысты. Сондай-ақ сала ардагерлерінің өмір жолы мен еңбегі жинақталған арнайы фотоальбом назарға ұсынылды. Кейін өңір басшысы ұстаздық - қай заманда да қадірлі мамандық, парасат пен жанашырлықтың жарқын көрінісі екенін атап өтіп, ұстаздарды мерекемен құттықтады.


СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Біздің өңірде 16 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Олардың ішінде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген 4 мұғалім, «Үздік педагог» атағы бар 38 маман және 49 педагогикалық шеберлік иелері бар. Бүгін мерекеге орай, олардың 50-ден астамы облыс әкімінің марапатына ие болып, құрметке бөленді.


СНХ:МЕЙРАМ ТОҚПАНОВ, АҚТАС НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ, ЕСІЛ АУДАНЫ


Құрметке ие болғандардың бірі Ғабит Мүсірепов ауданы білім беру саласының үздігі – Мәрияш Тасмағанбетова. 45 жылдық еңбек өтілі бар тарих пәнінің ұстазы ҚР Оқу-ағарту министрілігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.


СНХ:МӘРИЯШ ТАСМАҒАНБЕТОВА, БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ


Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ұстаздар қауымына жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.