Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы Жолдауында экология мәселелеріне ерекше мән берілді. Бұл елдің тұрақты даму стратегиясының негізгі тірегіне айналып отыр. Мемлекет басшысы қалдықтарды азайту және энергия тиімділігін арттыру бағытындағы экологиялық саясатты жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Жолдауда қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша нақты тапсырмалар берілді. Негізгі міндеттердің қатарында – заманауи технологияларды енгізу, экологиялық жүктемені төмендету және тұрақты дамуға ықпал ететін бастамаларды қолдау бар. Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Президент жастар мен қоғамдық ұйымдардың табиғатты қорғау жұмыстарына белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, «Таза Қазақстан» сынды жалпыұлттық акцияларды жалғастыру қажеттігін айтты. Бұл науқандар еліміздің аумақтарын тазалау мен көркейтуге бағытталған.