Солтүстік Қазақстан полициясы жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша тұрғындармен диалог аясын кеңейтті.
Екі күндік «Жолдағы қабылдау» акциясы барысында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мен Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындардан 30-дан астам сұрақ қабылдады. Ауқымды республикалық акция халық көп жиналатын орындарда, соның ішінде сауда орталықтарында өтті.
СНХ:Қайрат Сейітқұлов – СҚО ПД Процессинг орталығының бастығы
Осындай жұмыс облыстың барлық аудандарында жүргізілді. Тәртіп сақшылары азаматтармен түрлі арналар арқылы байланыс орнату – «Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асырудағы ашықтық қағидатын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.