Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Онда салық мөлшерлемелері мен төлеу тәртібі түбегейлі өзгереді. Жаңа талаптар мен жеңілдіктер туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев өңір кәсіпкерлерімен кездесуде айтты.
Салық реформасы бизнеске қолдау көрсетіп, көлеңкелі экономиканы азайтуға бағытталған. Ерлан Сағынаевтың айтуынша, 2026 жылдан бастап корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі әр салаға қарай сараланып енгізіледі. Қазір жеті арнаулы салық тәртібі болса, 2026 жылы солардың үшеуі ғана қалады. Шаруа қожалықтары үшін, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар үшін және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі.
СНХ:ЕРЛАН САҒЫНАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Жаңа Салық кодексінде инвесторларға да ерекше жеңілдіктер қарастырылған. Бұдан былай елде алғаш рет салынған өндірістік немесе инфрақұрылымдық нысандар корпоративтік табыс салығынан босатылады. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін ұйымдарға қосымша артықшылықтар беріледі. Қосылған құн салығы да өзгеріске ұшырады. Енді 2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16%. Ал дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар үшін төмендетілген 5% мөлшерлеме сақталады.
СНХ:ҚАНАТ ҚҰЛНАЗАРОВ, ҚР ҰЭМ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Министрлік өкілдері қазір өңірлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.