СҚО-да он бір тәртіп сақшысы генерал-майор Айдын Қабдұлдиновтың қолынан кезекті шендерін алды.
Екі қызметкерге полиция подполковнигі арнайы атағы берілді. Олардың қатарында бүгінгі күні облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметіндегі ең тәжірибелі маман Юрий Клыков бар. Ол бұл салаға 17 жылын арнап, бірнеше жас маманды тәрбиеледі. БАҚ өкілдері оның кәсібилігін және тәулік бойы журналистердің сауалдарына нақты жауап беруін жақсы біледі.
СНХ:Юрий Клыков — СҚО полиция департаменті ақпараттық саясат басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы
Алғаш рет офицерлік шен — полиция лейтенанты атағын кинолог қыз Татьяна Васичкина иеленді. Ол полицияда 2015 жылдан бері еңбек етеді. Оның жарылғыш заттарды іздеуге және одорологиялық сәйкестендіруге үйретілген төрт аяқты иттері СҚО тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесіп жүр. Жедел уәкілдер, тергеушілер, жедел басқару орталығы және өзге бөлімшелердің қызметкерлері де қызметтің жаңа кезеңіне қадам басты.
СНХ:Айдын Қабдұлдинов — СҚО полиция департаментінің бастығы
Іс-шара соңында тәртіп сақшылары естелік суретке түсіп, қызметтік міндеттеріне қайта кірісті.