Жастарды кеңсеге емес, өндіріс орнына тарту – нақты сектордағы жұмысты дамытудың басты мақсаты. Бұл – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтілген мәселенің бірі. 2025 жыл еңбек кәсіптеріне ерекше көңіл бөлінетін жыл ретінде белгіленді. Осы мақсатта мемлекет пен кәсіпкерлер өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен технология салаларында жаңа жұмыс орындарын құруға күш салады. Осы тақырып төңірегінде әріптесім тұрғындар пікірін біліп қайтқан болатын.
Менің ойымша, жастар өзінің қалауы бойынша, өз мамандығына сай жерде жұмыс істеуі керек. Бірақ өндірістегі жұмысқа келсек, ол өте үлкен тәжірибе болар еді, өйткені ол жерде аға буын да, орта буын да бар, бір-біріне көмектесіп, көбірек тәжірибе алар еді.
Иә, мен Президенттің айтқанын қолдаймын. Өйткені болашақ жастардың қолында. Қазір егер жастар жұмыс істемесе, ары қарай не болады? Кейін кім жұмыс істейді? Сондықтан жастар өндірісте жұмыс істеуі керек
ысшы мамандықтар жылы деп жариялағандықтан, жастар өндірісте де, кеңселерде де жұмыс істеуі керек. Бұл дұрыс деп ойлаймын.