Солтүстік Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» тұжырымдамасы аясында ауқымды «Қауіпсіз жол» акциясы өтті. Науқанды облыстық прокуратура полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырды. Басты мақсат – жол қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің назарын жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығына аудару болды.

Акция Петропавл қаласы мен облыстың 13 ауданында бір уақытта өтті. «Жолда қабылдау» жобасы аясында прокурорлар мен полиция қызметкерлері жүргізушілер, жолаушылар мен жаяу жүргіншілерге заң нормалары мен бұзушылықтар үшін қолданылатын жазаларды түсіндіріп, кеңес берді.

СНХ:АСХАТ ӘМИТОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Аталған науқанға еріктілер де қосылды. Олар ақпараттық парақшаларды таратуға көмектесті, тәрбиелік мәні бар әңгімелер жүргізді және жол қозғалысына қатысушыларды абай болуға шақырды. Облыс тұрғындарына барлығы 50 000-ға жуық жүргізуші мен жаяу жүргіншілерге арналған кеңестер жазылған жадынама таратылды.

СНХ:АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МАМАНЫ