Тимирязев ауданында бүгінде 76 спорттық нысан жұмыс істейді. Мұнда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, стадион, футбол алаңдары бар. Ауданда жыл сайын тұрақты түрде спортпен шұғылданатын тұрғындардың қатары артып келеді.


Аудандағы 76 спорттық нысан тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Аудан орталығындағы стадионда әрдайым адам көп. Бұл жолы мұнда жаппай жүгіру жарысы өтті. Тимирязев өңірі талай спорт саңлақтарын тәрбиелеп шығарған аймақ.

СНХ:АНАСТАСИЯ ГУРЬЯНОВА, ПОЛИАТЛОННАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ


Өңірдің кішкентай тұрғындары да спорттан қалыс қалмайды. Олар да чемпионаттар да жеңіс тұғырынан көрінгілері келеді. Жас спортшылар шаңғы, хоккей спорт түрлерін белсенді меңгеруде.

СНХ:ДЕМИД ШЕВЧЕНКО, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Ауданда ондаған спорт түрі дамып келеді. Жергілікті спортшылар облыстық қана емес, республикалық деңгейдегі жарыстарға да белсене қатысып жүр.