Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында десек, сол болашаққа бағыт-бағдар беретін ол ұстаздар қауымы. Республика көлемінде өзіндік орны бар «Əбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» тарихы терең білім ордасы. Мектеп ұстаздары заман талабына сай жаңа әдістемелерді енгізіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты міндет санайды

Əбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты 1935 жылғы 1 қыркүйекте жұмысын бастаған. Алғашында білім ордасы жетім балаларға арналып ашылды. Кейін ауыл балаларын қабылдап бастады. Ол жылдары ғимарат Интернационал көшесінде орналасқан болатын. Кейін 1980 жылы жаңа мекеме салынып, көшірілді. Ал, 1985 жылы Кеңес одағының батыры Əбу Досмұхамбетовтың есімі берілді.

СНХ:НҰРЖАН СЕЙІЛБЕКОВ, ƏБУ ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МУЗЕЙ ЖЕТЕКШІСІ


Ира Канаевна Шакирова ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Алматы қаласында білім алып, Шал ақын ауданында 2 жыл тәжірибеден өткен. Кейін қаладағы 6-шы мектепте, содан соң 1997 жылдан бастап еңбек жолын Əбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында жалғастырды. Зейнет демалысына шықсада балаларды білім нәрімен сусындатып келеді. Жалпы мұғалімдік еңбек өтілі 40 жыл.

СНХ:Ира Шакирова, ƏБУ ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ


Айта кетейік, бүгінде Əбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында 486 оқушы білім алады. Соңғы 2021-24 оқу жылдарында түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа баллы 102-ден жоғары. Бұл – облыс мектептері бойынша ең жоғары көрсеткіш.