1 қазан – Даналық пен ізеттілікке құрмет көрсетілетін қазыналы қарттар мерекесі. 65 жылдық тарихы бар облыстық «Қызылжар» телеарнасы осы уақыт ішінде жүздеген маманды зейнеткерлік демалысқа жылы ықыласпен шығарып салды. Қазір ардагерлер кеңесінің қатарында 40-тан астам телеарнаға саналы ғұмырын арнаған ардагер бар.

Мерекеге орай, телестудияға келе алмаған ардагерлерді телеарна ұжымы арнайы үйлеріне барып құттықтады.

СНХ: РАЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА , «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Ирина Борисовна Белоусова телевизия саласына 35 жылын арнады. Биыл ол 85 жасқа толып, жеке мерейтойымен қатар, Qyzyljar арнасының 65 жылдығы мен Қарттар күніне орай да құттықтаулар қабылдап отыр. Петропавл телеарнасында Ирина Борисовна бірнеше қызмет атқарған, соның ішінде – ауысым бастығы болған.

СНХ:ИРИНА БЕЛОУСОВА, ТЕЛЕВИЗИЯ АРДАГЕРІ:


Ольга Михайловна Торопкина да телестудиядағы жылдарын ыстық ықыласпен еске алады. Ол 1964 жылдан 1994 жылға дейін режиссер болып еңбек етіп, телеарнада шығатын әр бағдарламаның сапасына жауапты болды.

СНХ:ОЛЬГА ТОРОПКИНА, ТЕЛЕВИЗИЯ АРДАГЕРІ:


Қарттар күні – даналық пен мейірім мерекесі. Бұл – ардагерлерге еңбегі үшін алғыс айтып, олардың құнды кеңесі мен өсиетін тыңдап оларға қамқор бола болу.