Өңірде экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада қала аумағында 750 түп ағаш көшеті отырғызылды. Қала әкімдігінің жоспарына сәйкес, Петропавлда 6 мыңға жуық ағаш егу жоспарланып отыр.


Акция аясында ұйымдастырылған іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға, қаланы абаттандыруға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Соның аясында Былғары зауыты шағын ауданында 250 түп ағаш отырғызылды.

СНХ:СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Экологиялық іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам белсенділері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар белсенді қатысты.

СНХ:СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚХА МҮШЕСІ


Қала әкімінің орынбасары Сергей Мелеховтың айтуынша, көгалдандыру жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасады.