Облыс орталығында Еңбек күні қарсаңында Петропавл қалалық мәдениет үйінде бос жұмыс орындарының ауқымды жәрмеңкесі өтті. Іс-шара барысында тұрғындар жұмыс берушілермен тікелей жүздесіп, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктермен танысты.
Жұмысшы мамандықтар жылы қарсаңында облыс орталығында еңбек нарығына серпін беретін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері ай сайын онлайн және оффлайн форматта 14 жәрмеңке өтті. Нәтижесінде 5 мыңға жуық тұрғын қамтылып, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Бүгінде Электронды еңбек биржасы Enbek.kz порталында Петропавл қаласы бойынша 616 хабарландыру жарияланып, 1 482 бос жұмыс орны ұсынылған.
СНХ:АСЛАН СЫЗДЫҚОВ, ЕҢБЕК ҰТҚЫРЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Бүгінгі жәрмеңкеде «ПетроМашЗавод» ЖШС 12-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Кадр инспекторы Людмила Ягодинаның айтуынша, бүгінде зауытқа негізінен жұмысшы мамандықтары қажет. Атап айтқанда, слесарьлер, дәнекерлеушілер, металлқұрастырушы слесарьлер мен ағаш ұсталарына сұраныс жоғары.
СНХ:ЛЮДМИЛА ЯГОДИНА, «ПЕТРОМАШЗАВОД» ЖШС КАДР ИНСПЕКТОРЫ
Айта кету керек, жылдың соңына дейін тағы да осындай 3 ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.