Уәлиханов ауданының Жасұлан ауылында орналасқан «Unite - Инвест» ЖШС 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мал және егін шаруашылығымен айналысады. Серіктестікте бүгінде орақ науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бес жарым мыңнан аса гектар жерге рапс, зығыр, бидай сынды дәнді дақылдарды еккен.


Шаруашылық жыл сайын өнім сапасын арттырып жатыр. «Unite - Инвест» ЖШС директоры Кенжебай Қашаевтың айтуынша қолайлы ауа-райының арқасында биылғы егін бітік шыққан.

СНХ:КЕНЖЕБАЙ ҚАШАЕВ, «UNITE - ИНВЕСТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Серіктестіктің қоймаларында астық пен тұқым сақтауға арналған 2 арнайы база бар. Жалпы сыйымдылығы – 2 мың тонна Техника паркі де жыл сайын жаңа трактор-комбайндармен толығып отырады.

СНХ:КЕНЖЕБАЙ ҚАШАЕВ, «UNITE - ИНВЕСТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Жармұханбет Ибрагимов нағыз еңбек адамы. Ол бұл серіктестікте 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мамандығы аграном. Жалпы еңбек өтілі 55 жыл. Шаруашылықтағы жұмысы көңілінен шығады.

СНХ:ЖАРМҰХАНБЕТ ИБРАГИМОВ, «UNITE - ИНВЕСТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


«Unite - Инвест» ЖШС-де істейтін барлық қызметтерге жағдай жасалған. 60-қа жуық ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылған. Орташа еңбекақы бүгінгі күні 300 мыңнан жоғары. 2019 жылы жұмысшылар үшін 30 адамға шақталған жатақхана да салынған.

СНХ:ЕЛЕНА БОГДАНОВИЧ, «UNITE - ИНВЕСТ» ЖШС ЖҰМЫСШЫСЫ


Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін облыста 2 млн 178,7 мың гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Бұл жалпы егіс алқабының 72 пайызын құрайды. Қамбаға 3,8 млн тонна астық құйылып, орташа өнімділік гектарына 17,6 центнерді көрсетті.