Kozybayev университетіне Пәкістанның жетекші ғалымдары — экология сарапшысы, профессор Рифат Насим Малик және ботаника мен химиялық ластаушыларды зерттейтін профессор Шуджол Мулк Хан келді. Олар климаттың өзгеруіне арналған лекциялар оқып, биология кафедрасымен бірлескен жобаларды талқылады.
Сапар барысында профессор Шуджол Мулк Хан экологиялық деректерді жинау, талдау және ғылыми мақалалар әзірлеу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Ол студенттер мен оқытушыларға ғылыми жарияланымдарға қатысты практикалық кеңестер берді. Ал профессор Рифат Насим Малик қоршаған ортаға химиялық заттардың әсері мен климаттың өзгерісін зерттейді. Ол су ресурстары мәселесіне де ерекше назар аударады. Екі ғалым Kozybayev University-дің биология кафедрасымен бірлесіп, экология және тұрақты даму салаларында ортақ ғылыми жобаларды дамыту жолдарын талқылады. Сонымен қатар, университет басшылығымен кездесу өтіп, болашақ ғылыми ынтымақтастықтың негізі қаланды.
СНХ:АУДАРМА, ШУДЖОЛ МУЛК ХАН —КАИД-И-АЗАМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ПӘКІСТАН