Петропавлда полицейлер шетелдік студенттерге Қазақстан заңдарын сақтаудың жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары шетелдік студенттерге жадынама мен SafeTravel.kz мультитілді электрондық порталына апаратын QR-кодтары бар карточкалар таратты. Онда Қазақстанда қауіпсіз болу үшін қажетті мәліметтер ұсынылған.

Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан университетінде Үндістан, Моңғолия, Польша және өзге елдерден жастар білім алады. Полицейлердің шетелдік студенттермен өткізген кездесуі олардың еліміздегі құқықтық тәртіпті дұрыс түсінуіне арналды. Миграциялық қызмет өкілдері Қазақстанда болу ережелерін түсіндіріп, азаматтыққа қатысты мәселелер мен елден шығарылуға әкелуі мүмкін құқықбұзушылықтар жайлы айтты.

СНХ:Сабина Искенова-Андреева – Петропавл қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы


Жергілікті полиция қызметінің мамандары студенттерді қоғамдық тәртіп талаптарымен таныстырды. Әсіресе заңдағы жаңа өзгерістерге тоқталып, Қазақстанда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім элементтерін киюге тыйым салынғанын хабарлады.

СНХ:Ксения Ищенко – Петропавл қаласы полиция басқармасы бөлімшесінің бастығы


Сонымен қатар тәртіп сақшылары шетелдік студенттерге жадынама мен SafeTravel.kz мультитілді электрондық порталына апаратын QR-кодтары бар карточкалар таратты. Онда Қазақстанда қауіпсіз болу үшін қажетті мәліметтер ұсынылған. Шетелдік студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға университет ұстаздары да атсалысуда. Білім беру жүйесі мен полицияның бірлескен жұмысы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.