Еңбек күні қарсаңында Петропавлда салтанатты іс-шара өтті. Мұнда түрлі салада еңбек етіп жүрген үздік қызметкерлер марапатталды. Көп жылдық адал еңбегі үшін 9 азамат облыс әкімі атынан алғыс хаттар мен грамоталарға ие болды. Сондай-ақ «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары да арнайы аталып өтті.

Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл – адал еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген жандарға арналған мереке. Петропавлда осы күнге орай түрлі сала ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті. Олардың көпшілігі Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарында 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен. Сондай-ақ іс-шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов сөз сөйлеп, аймақтың даму барысына тоқталды және еңбек адамдарына алғысын білдірді.

СНХ:МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ


Марапатталғандардың ішінде ауыл шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан Сәркен Елеусізов те бар. Есіл ауданы Тауағаш ауылының тумасы 1998 жылы Полтавка ауылына қоныс аударып, содан бері ауыл шаруашылығы саласына 27 жылын арнаған.

СНХ:СӘРКЕН ЕЛЕУСІЗОВ, АГРОНОМ


2025 жыл Қазақстанда ресми түрде Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланғандықтан, «Еңбек жолы» байқауының мәні ерекше артты. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбек ұжымдары мен жұмысшы мамандық иелерінің қосып отырған зор үлесін айқындайды.