Облыс орталығында спорт сүйер қауым көптен күткен жарыстың куәсі болуда. Спорттық акробатика бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтіп жатыр.
Үш күнге созылатын тартысты додаға барлығы 130 спортшы қатысуда. Олар – еліміздің әр өңірінен келген жасөспірімдер мен жастар. Бәсекеге Алматы, Қарағанды қалаларынан бөлек, тағы алты облыстан келген өрендер қосылып, өз өнерлерін паш етуде.
СНХ:АНДРЕЙ ЯМПОЛЬСКИЙ, БАС ТӨРЕШІ
Орал қаласынан келген Роман Листопад спорттық акробатиканы небәрі бес жасынан бастап үйреніп жүр. Жаттықтырушыларының айтуынша, ол жасына қарамастан еңбекқор әрі талапшыл. Кішкентай болса да, жеңіске деген жігері мықты.
СНХ:РОМАН ЛИМСТОПАД, ҚАТЫСУШЫ
10 жылдан астам уақыт бойы спорттық акробатиканы кәсіби түрде меңгеріп жүрген Лидия Жигалова да жарысқа қатысып жатыр. Ол әріптестерімен бірге үштік құрамда өнер көрсетіп жүргеніне үш жыл болған.
СНХ:ЛИДИЯ ЖИГАЛОВА, ҚАТЫСУШЫ
Жарыс қорытындысы бойынша үздік спортшылар анықталып, жеңімпаздар кубок пен медальдармен марапатталды.