Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында әлеуметтік масылдық мәселесін қатты сынға алды. Мемлекет басшысы Үкіметтің қателігін атап, 15 жылдан бері толық отбасылардың да жеңілдік алушылар қатарына кіріп кеткенін сынға алды. Бұл өз кезегінде ажырасу жағдайларының артуына алып келді.
Президенттің айтуынша, әлеуметтік көмек – тек шынымен мұқтаж азаматтарға ғана бағытталуы керек. Ал оны дұрыс бөлмеу – мектеп, аурухана және жол секілді маңызды салаларға бөлінетін қаражаттың азаюына себеп болады. Мемлекет басшысының бұл пікірін петропавлдықтар да қолдайды. Олар әлеуметтік қолдаулардың әділетті бөлінуі қажет екенін айтады. Қала тұрғындары әлеуметтік масылдыққа қатысты өз ойларын білдірді. Тұрғындардың пікірінше, көмек тек шынымен мұқтаж жандарға берілуі керек.