Соңғы 5 жылда білім-ғылым саласына салынған инвестиция 5 есе өсті. Президент жанындағы ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес отырысын өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Елімізде зерттеу университеттері көбейіп әрі олардың өндіріспен байланысы нығайып келеді. Әр аймақта Ғылым жөніндегі кеңестер жұмысқа кірісті. Мемлекет тарапынан жастарға, ғалымдарға ерекше қолдау көрсетіліп жатқанын айтқан Президент ғылымды дамыту ел экономикасына да үлкен әсер етеді деді.

СНХ:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ