Облыста 8 ай ішінде полицейлер отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 49 қылмыстық істі тергеді. Қылмыстардың басым бөлігі мас күйінде жасалады. Өңір басшысының қатысуымен өткен облыстық үйлестіру кеңесінде алдын алу шаралары, статистика, негізгі себептер және проблемалық мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Әлемде күн сайын 140 әйел мен қыз өз жұбайының немесе жақын туысының қолынан қаза табады. Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату тапсырған болатын.

СНХ:ҚАЙРАТ ӘБДІХАНОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ


Полицияда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске арналған арнайы бөлімше құрылды. Жақында әйелді заңсыз еркінен айырған бұзақы қамауға алынды. Прокурорлардың айтуынша, денеге жеңіл жарақат салу және соққыға жығу фактілерін тіркеу айтарлықтай азайып, соңғы бір жарым жылда екі есеге қысқарған. Алайда зорлық-зомбылықтың шынайы көлемі ресми статистикадан жоғары, себебі көптеген жәбірленушілер көмекке жүгінбейді.

СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған Әйелдерді қолдау орталығы жабылудың аз-ақ алдында тұр. Қаңтардан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған уақытша тұру және орналастыру орталығы қаржыландырусыз қалады. 2017–2025 жылдар аралығында орталықтан 36 адам көмек алған.

СНХ:АЛИНА ОРЛОВА – «ӘЙЕЛДЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ, «ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН УАҚЫТША ТҰРУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ»


З Өңір басшысы Ғауез Нұртұхамбетов уәкілетті органдарға осындай мемлекеттік орталық ашу қажеттігін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ «Ішімдіксіз ауыл» акциясын ілгерілетуді міндеттеді, бүгінде облыста олардың саны – 21. Алкогольге лицензия беру мәселесін де қайта қарау қажеттігін алға тартты.

Рабиға Ералы, Наталья Аитова, Анатолий Белоног, жаңалықтар қызметі