Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы жетістіктер қоры жыл сайын артып келеді. Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары ұпай жинаған түлектердің бірі - Уәлиханов ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық округіндегі Чехов орта мектебінің түлегі Аяжан Ыдырыс.
Бүгiнгі таңда облыста аралас мектептердің саны 100-ден асады. Солардың бірі осы Чехов орта мектебі. Бұл мектеп 1965 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда қазақ сыныбы 1993 жылы ашылған. Биылғы оқу жылында мектепте барлығы 65 оқушы білім алып жатыр. Биыл Чехов орта мектебіне 70 жыл.
СНХ:АЙГҮЛ ҚАПАРОВА, ЧЕХОВ ОРТА МЕКТЕБІ ДИРКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Аяжан мектеп қабырғасынан бастап зеректігімен, білімге құштарлығымен көзге түсті. Мектепті де алтын белгіге тәмәмдады. ҰБТ-да ағылшын тілі мен дүниежүзі тарихын таңдаған. Ұстазы Мақсат Ескендіров тарихты терең игеруге көмектескендердің бірі. Ол 2011 жылы Чехов орта мектебінде өз жұмысын бастаған. Оқушысы Аяжанның жоғары нәтижесі оның табандылығы мен еңбегінің жемісі дейді ол.
СНХ:МАҚСАТ ЕСКЕНДІРОВ, ЧЕХОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Аяжан Астана қаласында Мақсұт Нәрікбаев атындағы Университетке грантқа түсіп, оқып жатыр. «Аударма ісі» мамандығында 1-курс студенті. Аяжанның анасы осы Чехов орта мектебінде бастауыш сыныптарға сабақ береді. Қызының оқуды жақсы аяқтап, ЖОО-на түскеніне риза. Ол үшін өзінің әріптестері, Аяжанның ұстаздарына алғыс білдіреді.
СНХ:БЕЙНЕГҮЛ МАКИМОВА, АЯЖАН ЫДЫРЫСТЫҢ АНАСЫ
Ауылдан шыққан дарынды жастардың білім мен еңбек арқылы үлкен жетістіктерге жете алатынын дәлелдеген жастардың бірі - Аяжан Ыдырыс. Оның жетістігі жасөспірімдерге үлгі болып, білімге деген құштарлықты арттырары сөзсіз.