Инвестиция тарту, арнайы экономикалық аймақтың жаңа субаймағын ашу, цифрлық технологияларды енгізу және әлеуметтік мәселелерді шешу. Осындай мақсатпен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданында жұмыс сапарымен болды. Ол кәсіпкерлермен, инвесторлармен кездесіп, бизнесті дамыту жайын талқылады. Сондай-ақ аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Күн тәртібінде – инвестиция тарту және жаңа жобаларды жүзеге асыру. Биылғы сегіз айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 313 млрд теңгеден асты. Соның ішінде Тайынша ауданының үлесі – 29 млрд теңге.
СНХ:БЕРІК ӘЛЖАНОВ – ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Бизнесті одан әрі дамыту және инвесторларды тарту үшін №6 субаймақ ашу жоспарланып отыр. 200 гектар жер телімі Ильичевка ауылының маңынан бөлінген. Қазір мұнда инфрақұрылым тарту және резиденттерді шақыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жерге шамамен 20 кәсіпорын, соның ішінде қытайлық компаниялар да орналаспақ. Жобаларды іске қосу келесі жылға жоспарланған. Тағы бір өзекті мәселе – цифрландыру.
СНХ:АЗАМАТ БАЙТЕМІРОВ – ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Сапар аясында облыс әкімі Тайынша ауданында отбасыларымен де кездесті. Дастархан басына – еңбекқор, көпбалалы, спортшы отбасы, педагогтар әулеті жиналды. Өңір басшысы оларға денсаулық, бақ-береке тіледі.
Әкім аудан тұрғындарымен де жүздесті. Олар өңір жетекшісіне түйіткілді мәселелерді жеткізді. Негізгі тақырыптардың бірі – жол мәселесі болды.
Өңір басшысы бұл мәселені келесі жылдың жоспарына енгізуді тапсырды. Жол жөндеу жайын Горькое ауылының тұрғындары да көтерді.
СНХ:БЕРІК ӘЛЖАНОВ – ТАЙЫНША АУДАНЫ ӘКІМІ
СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СҚО ӘКІМІ
Өңір басшысы ауыл еңбеккерлерінің еңбегіне тоқталды. Әсіресе, Эдельдер әулетін марапаттады – олардың жалпы еңбек өтілі 240 жылдан асыпты.