Мамлют ауданында мәдениет саласы қарқынды дамып келеді. Бүгінде ауданда 12 клуб пен мәдениет үйі, 16 кітапхана жұмыс істейді, соның 14-і – ауылдық жерлерде. Мұнда вокалды-аспаптық ансамбльдер, балаларға арналған үйірмелер мен ересектердің шығармашылық ұжымдары бар. 


Бостандық ауылдық клубында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңарған мәдениет ошағында шығармашылықпен айналысу бұрынғыдан да жайлы бола түсті. Таңертең де, кешке де клубтан әсем әуен естіледі. «Балдырған» ансамблінде әр жастағы балалар өнер көрсетеді. Мұнда өскелең ұрпаққа ұлттық аспап – домбыраға деген сүйіспеншілік дарытылып келеді

СНХ:ҚАНАТ АХМАДИЕВА «БАЛДЫРҒАН» АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


Жұмыстан кейін ауыл тұрғындары үйіне емес, ең алдымен ауылдық клубқа асығады. Өйткені музыка – сезімдер мен көңіл-күй әлемі, ол адамдарды бір арнаға тоғыстырады, ортақ қуанышқа бөлейді.


Сахна төрінде «Толқын» вокалдық тобы шеберлігін шыңдап жүр.

СНХ:ГҮЛЖАН МАНТАЕВА АНСАМБЛЬ МҮШЕСІ


Биыл үш мәдениет үйіндегі жөндеу жұмыстары толық аяқталады. Мәдениет ошақтарының дамуы – рухани құндылықтарды қалыптастыруда және ұлттық бірегейлікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.