Петропавл қаласында №28 жалпы білім беретін мектепте республикалық «Келешек мектептері» жобасы аясында облыстық семинар өтті. «Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім – жол көрсетуші және серіктес» тақырыбымен өткен жиынға өңірдің әр ауданынан келген ұстаздар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұстаздардың кәсіби дамуына жол ашу, заманауи әдістемелерді меңгерту және тәжірибе алмасу. Бүгінде білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу – уақыт талабы. Мұндай жиындар болашақ мектебінің моделін қалыптастыруға ықпал етеді.

СНХ:АЙГҮЛ МҰХАМЕТҒАЛИЕВА - СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Семинар аясында мектепте арнайы көрме ұйымдастырылды. Оқушылар бір жыл бойы жасаған жобаларын таныстырып, жасанды интеллект пен IT-технологияларды оқу бағдарламасына енгізудің үлгісін көрсетті. Көрме қатысушыларға оқушылардың ізденісі мен шығармашылық қабілетін бағалауға мүмкіндік берді.

СНХ:МИРАС ЗАЛЕЛОВ – М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ МҰҒАЛІМІ